Үшінші хат

 
Бір жігіт өте ұнады,
Алдымнан ылғи шығады.
Сенбілік серуен құруға
Досыма келіп тұрады.
Екеуі тойда билейді,
Өкшесі жерге тимейді.
Ол жігіт ессіз сүйгенмен,
Дос қызым оны сүймейді.
Көркім жоқ оған ұнардай,
Хал емес м
ынау құмар жай.
Көргенде оны жүрегім
Кеудемді жарып шығардай.
Кезім бар іштей қызғанған
Жеткізбес, сірә, ізгі арман.
Сезіміңді айта алмайтын
Азап па деймін қыз болған…
 
Ақұштап Бақтыгереева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *