АШУЛАНУ /ашуланған кездегі адамның кейпі/

Аузынан жалын атып тұру
Аузына келгенін айту
Ашу шақыру
Ашуға булығу
Ашуы алқымына тығылу
Бұрқан //бұлқан//-талқан болу
Боғын пышақтау /дөрекі/
Ер тоқымын бауырына алып тулау

Етін //түсін// сыртына тебу 

Жанын шығару

Жауар бұлттай түнеру

Жыны //сайтаны қозу// ұстау

Жүзінің жұдырығымен қарау

Заһар шашу

Зығырданы қайнау

Ит арқасы құрысу

Ит жыны келу

Кәрін төгу

Кәріне міну

Көзі шатынау

Көзін алайту //аларту

Көзіне қан толу

Көзінен от шашу

Күйіп кету

Күре тамырын адырайту 

Кірпігінен қырау таму 

Құйқа тамыры құрысу 

Қағанағы қарс //тарс// айырылу// жарылу// 

Қабағына қырау қату

Қабағынан қар жауу //жауғандай// 

Қаны бұзылу

Қанын ішіне тарту 

Қанына қараю 

Қатты келу / эвф. — сыпайылап айту / 

Қаһарға міну

Қояншығы ұстау

Оқ жыландай ысқыру

Оқты көзімен қарау 

Өті жарылу

Сақалын //шашын// жұлу// 

Тұлан тұту
Танауы қусырылу
Терісі тарылу
Терісіне сыймау
Тиісерге //ұрынарға// қара таппау
Тұлан тұту
Түгі сыртына шығу
Түсін бұзу
Шала бүліну
Шалқасынан түсу
Шап ете түсу
Шарасынан асу
Шорт, //морт //, //сыну// кету
Шыж-быжы шығу
Шыныдай шытынау
Ызасы келу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *