Зейнет жасына шыққан адамды құттықтау

(Адам аты) туған күніңіз құтты болсын. Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі, пайғамбардың жасы – 63-ге де алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы 63 жастың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан сізге деген құрметіміз зор. Еңбекте қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып жүрсіз.
Кейбір ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса, тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туылған күн иесі  осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандайауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер екенін зейнет жасына үлкен абыроймен келіп тағы бір дәлелдеп отыр. Иә, сіз өз мамандығыңыздың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын тек ұжым ішінде ғана емес, өзге де адамдар арасында дәлелдей білдіңіз. Еңбек етудегі кәсібилігіңізмәртебеңізді арттырғаны анық. Сіздің жастар үшін үлгі болатындай еңбек жолыңыз кімді болса да тәлім-тәрбие берері мәлім. Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *