ӘТІР

ӘТІР — хош иісті сұйық зат. Ә. шығару үшін 300-ден астам табиғи немесе жасанды заттардан алынатын хош иісті күрделі эфир мен жоғары сапалы этил спирті қолданылады. Өсімдік гүлдерінен (мыс., раушан гүлділерден), түрлі ағаштардың дәндері мен жапырақтарынан (мыс., күнзеден, анистен, сандалдан, т.б.) алынатын эфир майы хош иісті заттар мен тұнба ретінде, ал жануарлардан, мыс., кашалоттың майынан алынған балауыз (амбра), жылан, крокодил, кәмшат, жұпар тышқанның тері безінен алынған мускус тек тұнба ретінде ғана пайдаланылады. Ә-дің бір ғана түрін жасауға 15-тен 60-қа дейін хош иісті заттар керек. Ә-ге белгілі бір түс беру үшін арнаулы бояу қосылады. Ә. құндылығы мен сортына байланысты бірнеше сағаттан 1 жылға дейін жабық ыдыста бабына жеткізіледі. Дайын Ә. вакуум-машина арқылы арнаулы құтыға құйылып, тығындалады. Сапалы Ә-дің хош иісі мақта-матадан жасалған затта 30 сағатқа дейін сақталуы тиіс. Құтыдағы Ә-дің сақталу мерзімі 1 — 1,5 жылға жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *