ӘСІП

ӘСІП — ұлттықтағам. Ә. дайындау үшін қойдың ішегін айналдырып, жақсылап жуып тазалайды. Ет, жүрек және бауырды ұсақтап турап, бұрыш, тұз, күріш салып, аздап су құйып араластырады. Содан кейін барлығын ішекке тығып, аузын түйеді де, қайнаған суға салып, 50 — 60 минут қайнатады. Қайнап жатқан Ә-ті істікпен түйрелеп, желін шығарып отырады. Ішек болмаса, қойдың бүйені пайдаланылады. Ә-ті дастарханға қоярда дөңгелектеп кесіп, ыстықтай немесе салқындатып беруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *