ӘЛИ ӘБУ ТАЛИБ

ӘЛИ ӘБУ ТАЛИБ, ӘЗІРЕТ Әлі, Ғазіреті Ғали (т.ж.б. -21.06.661) – «әділ халифтердің» төртіншісі және соңғысы. Шын аты-жөні Әбу-л-Хасан әл-Мұртада. Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі күйеу баласы (қызы Фатиманың күйеуі). 656 ж. Осман өлтірілгеннен кейін халиф болып жариланды. Оны Египет, Ирак, Мекке және Мадеине қоолдады. Бірақ Сири билеушісі Муави мен Мұхаммед пайғамбардың жесірі Айша қарсы болды. Бұл мұсылмандардың Ә.Ә.Т. жақтастары және оның қарсыластары болып екіге бөлінуінің басы еді. Кейіннен бұл екі жақ алма кезек басым түсіп отырды. 656 ж. Басра түбінде болған «түйелілер шайқасында» Ә.Ә.Т. қарсыластарын жеңді. Бірақ Сиридағы қарсыласы Муавия қуатты еді, сондықтан Ә.Ә.Т. сарайын Иракқа, Куфаға көшіріп, соғысқа дайындалды. 657 ж. Ефрат өз-нің жағасында болған шайқаста Ә.Ә.Т Муви әскерін жеңді, бірақ жеңіс нәтижесін толық пайдалана алмады. Сирилықтар Құран көтеріп, сөйтіп келіімге келуге шақырған соң Ә.Ә.Т. соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. Ә.Ә.Т-тің бұл шешіміне әскерінің едәуір бөлігі наразы болып, бөлініп, оның өзіне қарсы хариджиттер (көтерілісшілер) қозғалысы басталды. Ә.Ә.Т. 661 ж. Куфа мешітіне кіре берісте хариджат оғынан қаза тапты. Тарихта Ә.Ә.Т. суниттер үшін қарапайым пенде, адалдықтың, батылдықтың, қайырымдылықтың өнегесі ретінде қалса, шииттер үшін ол Мұхаммедтің тікелей мирасқоры, оның Алламен байланысын жалғастырушы. Кейбір шииттік секталарда Ә.Ә.Т-ті Құдай мәнді адам, теңдесі жоқ жан деп біледі. Қазақтар арасында Ә.Ә.Т. есімі «Әзірет Әлі», «Әзірет Әли» тұлғасында аталып, оған үлкен құрмет білдіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *