ӘБУ-Л-ҚАСЫМ ҰБАЙДАЛЛАҺ ИБН ХОРДАДБЕХ

ӘБУ-Л-ҚАСЫМ ҰБАЙДАЛЛАҺ ИБН ХОРДАДБЕХӘбу-л-Қасым Ұбайдаллаһ ибн Абдаллаһ ибн Хордадбех (шамамен 820 — 912/13) — араб географы, тарихшы.Иранда дүниеге келіп, Бағдатта білім алған. Жибал аймағында почта және мемлекеттік хабар жүйесінің бастығы болған. 846/47 ж. “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен аймақтар туралы кітап”) аталатын еңбегін жазып, кейін оны қайта өңдеген (885/86). Бізге еңбектің тек қысқартылған түрі ғана жетті. Шығармада Қазақстанмен Орта Азиядағы қыпшақтар., қырғыздар, түркештер, қимақтар, оғыздар т.б. тайпалардың орналасуы жөнінде мағлұматтар берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *