АММИАН МАРЦЕЛЛИН

АММИАН МАРЦЕЛЛИН (Ammianus macellinus) (330, Антиох (қазіргі Түркияда) — 395, Рим) — антикалық тарихнаманың соңғы ірі өкілі. Ақсүйек грек отбасында дүниеге келді. Жас кезінен Галлия мен Парсы еліндегі император Константиннің армиясында қызмет етті. 358 ж. парсыларға қарсы соғысқа қатысты. Әскери қызметті тастағаннан кейін Мысырға және Грекияға сапар шегіп, ақырында Римге келіп қоныс тепті. Бұл жерде ол 96 жылдан 378 жылға дейінгі Рим империясының тарихын (Тациттің еңбектерін жалғастыра отырып) жазып шықты. “Оқиғалар шежіресі” (“Rerum gestarum Libri”) деп аталатын 31 томдық бұл еңбектің 353 — 378 ж. аралығындағы оқиғаларды қамтитын соңғы 18 томы ғана сақталған. Сол кезеңдегі империяның экон. және әлеум. мәселелеріне тоқтала отырып, ол римдіктердің басқа халықтармен, оның ішінде ғұндармен қарым-қатынасына баға берді. Соңғы томдарында ғұндардың 347 374 ж. алаңдарды бағындыруы, Дунай жағалауына жетіп, вестготтарды талқандауы, соңғылардың Рим империясына келіп паналауы жөнінде мәліметтер бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *