АМНИСТИЯ — (грек.amnestia— кешіру)

АМНИСТИЯ — (грек.amnestia— кешіру) адамдардың белгісіз бір тобын мемлекет басшысының немесе өкіметтің жоғары өкілетті органының шешімімен қылмыстық жазадан босату, оны өтеуді доғару немесе жеңілдету, қылмыстық жауапкершіліктен босату. А. ж а л п ы (кылмыстық кодекстің белгілі бір баптары бойынша сотталған немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған барлық адамдар үшін) немесе ішінара (рахымшылық ету) болуы мүмкін. А. актісімен кейде сотталу фактісі алынып тасталады. Қазақстанда айыптау үкімі заңды күшіне енген жеке адамға қатысты рахымшылық ету актісін ҚР Президенті шығарады. А. актісі аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға, кісі өлтіргендер мен жазаны өтеу кезеңінде тәртіп бұзған адамдарға қолданылмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *