АМИНОДОНТТАР

АМИНОДОНТТАР, батпақ мүйізтұмсықтары (Amynodontidae) — мүйізтұмсық тәрізділерге жататын, палоген (эоцен, олигоцен) кезеңінде тіршілік еткен қазба жануарлар тұқымдасы. 20- ға жуық түрі болған. А-дың қалдықтары Қазақстанның Зайсан, Торғай ойпаттарынан, Ақеспе, Ақтау қазба орындарынан табылған. Олар қазіргі мүйізтұмсықтан кішілеу келген, мүйізі болмаған. Бас сүйегінің тұмсық жағы қысқа, азу тістері ірі, алдыңғы ұрт және күрек тістері ұсақ, аяқтары қысқа (алдыңғы аяғы 4, артқы аяғы 3 тұяқты) болған. А. су жағалауларында, батпақты жерлерде тіршілік етіп, су, батпақөсімдіктерімен, ағаштардың тамыр, түйнектерімен қоректенген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *