АМАНОВ Төлеубай Ыдырысұлы

АМАНОВ Төлеубай Ыдырысұлы (25.8.1923, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Жаңасемей ауд. Құрманқожа а. — 21.6.1978, Алматы) — ғалым, физ.-матем. ғыл. докт. (1967), проф. (1969), Қазақстан ҒА- ның корр. мүшесі (1972). 1940 — 42 ж. Семей пед. ин-тының студенті. 1943 ж. қаңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы пед. ин-тты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950 — 53 ж. Мәскеу- де КСРО ҒА В. А.Стеклов атынд. Математика ин-тында аспирант. 1953 — 63 ж. Семей пед. ин-тының проректоры және жоғары матем. кафедрасының меңгерушісі. 1969 — 70 ж. Қазақстан ҒА-ның Математика және механика ин-ты директорының орынбасары және қазМУ-де кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Ма- тематика және механика ин-тының директоры болды. А- тың ғыл.-зерт. еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертациясында функциялардың SВ класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. А- тың жетекшілігімен 10 ғыл. кандидаты дайындалды. 50- ден астам ғыл. еңбектің авторы. Семей қ-ның орталық көшелерінің бірі және ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп және бір көше А. атымен аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *