АМАНЖОЛОВ Сәрсен Аманжолұлы

АМАНЖОЛОВ Сәрсен Аманжолұлы (27.12.1903, Шығыс Қаз. обл. Ұлан ауд. Егінсу а. — 28.1.1958, Алматы) — ғалым, фил. ғыл. докторы (1948); проф. (1948), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1954). Орта Азия мемл. ун-тін бітірген (1930). 1931 ж. ҚазПИ-де оқытушы, 20 жылдай қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды. 1934 — 36 ж. Қазақтың ұлт мәдениетін зерттеу ин-тының директоры, ғыл. хатшысы қызметтерін атқарды. 1937 — 42 ж. КСРО ҒА Қазақстан филиалының тіл және әдебиет секторын басқарды, 1942 — 44 ж. жауынгерлер арасында үгітші, 1944 — 58 ж. “Қызыл Армия үгітшісі блокнотының” (Мәскеу) жауапты редакторы, 1946— 58 ж. Қазақстан ҒА тіл-әдебиет ин-тында бөлім меңгерушісі болды. А. жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теор. негізін қалыптастыруда А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов бастаған ғыл. жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғыл. жолға коюға елеулі ықпал етті. Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. “Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері” деген докт. диссертациясында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдермен жақындығын, ру — тайпа — халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұл еңбегі қазақ диалектол-ның тіл білімінің бір саласы болып қалыптасуына негіз болды. А. жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа кдтысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің “аралас құрмалас” деген түрін енгізді. А. — қазақ тілі ғылымының теориясын қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *