АЛЬВАНИТ

АЛЬВАНИТ — ванадаттар тобының минералы, Хим. формуласы: А13(VO4)(OН)6.2O. Құрамындағы негізгі элементтерінің (алюминий, ванадий) алғашқы буындарымен аталған. Қоспа элементтері — кальций, магний, мырыш, никель, т.б. Моноклинді сингонияда алты бұрышты слюда тәрізді жалпақ пластинкалар түзейді. Түсі ашық жасыл, көк, жасыл сұр, шыныдай жылтыр, жеңіл тапталғыш. Қатт. 3,0 — 3,5, меншікті салм. 2,41 г/см3. А. ванадийлі жыныстардың тотығу қабаттарындағы қуыстарда түзіледі. А-ті 1954 ж. Е.А. Анкинович Қаратау ванадийлі шөгінділер арасынан тауып зерттеген. А. Қазақстанда алғаш ашылған минералдар қатарына жатады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *