АЛМАТЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ — кәсіптік білім беретін мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. Алматы мемл. кинотехникумы (1940) мен Алматы машина жасау техникумы (1989) негізінде 1995 ж. 28 қарашада А. п . к . болып құрылған. Электронды есептегіш машиналар және оның құралдары, есеп және есептеу жұмыстарын мех-ландыру, жылдам есептегіш машиналар үшін бағдарламалар жасау, аналитик. есептегіш машиналарды қолдану және жөндеу, металдарды кесу жолымен өндеу, халық ш. саласы экон-сы және оны жоспарлау мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. 1940 — 98 ж-дар аралығында колледж құрамындағы оқу орындарында 13540 орта буынды маман кадрлар (оның 2924-і сырттай оқу бөлімі арқылы) даярланды. 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап Орта Азия кино және телевидение техникалық университеті болып қайта құрылды.