«АЛМАТЫҚҰРЫЛЫС” ХОЛДИНГ КОМПАНИЯСЫ — Алматы облысы мен Алматы қаласында тұрғын үй, әкімшілік ғимаратгар, өндірістік және коммуналдық қызмет обьектілерін салатын акцион. қоғам. 1993 ж. “Главалмаатастрой” бас құрылыс басқармасы негізінде құрылған. 12 құрылымдық бөлімшелері бар. 1997 ж. олар 3,6 млрд. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстарын орындап, 284 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін шығарды. “А.” х. к. құрамындағы “Алматытұрғынүйқұрылысы”, «Алматыөнеркәсіпқұрылысы”, “Алматықұрылыс”, “Алматымәдениетұрмысқұрылысы” акцион. қоғамдары тұрғын үй, мектеп, мәдениет, тұрмыстық қызмет көрсету ғимараттарының, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын жүргізеді, құрылыс конструкциялары мен бетон қоспалар дайындайды. Бұлардан басқа “Қапшағайауырқұрылыс”, “Алматыинженерлік— құрылыс”, “Келешек”, “Қарағайағашөңдеу комбинаты”, “Құрылысматериалы”, “Алматықалақұрылысы” акцион. қоғамдары тұрғындарға құрылыстық қызметтің барлық түрін көрсетеді.