АҚША

АҚША — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. А. барлық тауар өндірушілерсатушылартұтынушылар арасындағы эконбайланысты қамтамасыз етеді. А. тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болдыАлғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталдыКейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келдіОдан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, баска тауарлар осы тауарға айырбасталдыСөйтіп құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын бердіҚұнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тидіяғни ерекше тауар түрі — ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықтыАқша рөлін кейбір халықтарда (гректерримдіктерславяндармонғолдарт.б.) мал, ертедегі РусьтеСкаңдинавияда — аң терісіҚытайда — шайАбиссинияда — тұз атқардыҚазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылдыБертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастадыӨйткені металл (әсіресеалтынкүмісөзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталдыОл кез келген тауарға айырбасталды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *