АЛМА ҚЫШҚЫЛЫ, НООС- -СНОН-СН2СООН

АЛМА ҚЫШҚЫЛЫ, НООС- -СНОН-СН2СООН — екі негізді органикалық қышқыл. Түссіз ылғал тартқыш кристалдары суда және этил спиртінде жақсы ериді. Балқу t 100°С. Алғаш 1785 ж. швед химигі К. Шееле көк алмадан бөліп алған. А. қ. көптеген өсімдіктерде, әсіресе, піскен шетен жемісіyде, темекі, мақта жапырақтарында, лимон шырынында көп кездеседі. Жасаңшөп тобына жататын өсімдікnерде (суккулент) түнде көп жиналады, күндіз күн сәулесінің әсерінен мөлшері кемиді. Оны микроорганизмдер энергет. субстрат немесе көміртек көзі ретінде пайдаланады. А. қ. тамақ өндірісінде, әсіресе, сусындар жасауда, балық, ет консервілеуде кеңінен қолданылады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *