АЛМАЛЫ

АЛМАЛЫ — Батыс Қазақстан обл-ның Ақжайық ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Чапаев а-нан оңт-ке қарай 100 км-дей жерде, Жайық өз-нің оң жағалауына орналасқан. Тұрғыны 2,0 мыңнан астам (1997). Бұрынғы кеңшар негізінде қайта құрылған “Алмалы” кооперативі жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, емхана, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары аудан орталығымен және елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *