АЛАҚҰРТ

АЛАҚҰРТ — бүргелер отрядына жататын арамтамақ (паразит) жәндіктер, вермипсиллёз ауруының қоздырғышы. Қазақстанның оңтүстігінде таулы аймақтарда таралған. Ұрғашысының ұз. 16 мм, ал еркегі одан да кішілеу болады. Ұрғашылары қыста жұмыртқа салады. Ол жаз бойы дамиды, күзде жетілген қуыршақтары жабайы және үй жануарларына (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе) жабысып, өсіп-өнуін онан әрі жалғастырады. А. жануарлардың қанымен қоректенеді. Онымен шалдыққан малдың қаны азаяды, арықтайды, жүнінің сапасы төмендейді. Күрес шаралары: төрт түлік малдың үстін инсектицидтермен (ДДТ, гексахлоран, креолин) дәрілеу. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *