АҚТАЛ, әулиеағаш (Salix aiba) – тал тұқымдасына жататын ағаш. Қазақстанның барлық жазық далалы аудандарында, шөлейт-далалық аймақтардағы өзен аңғарларында өседі. Биікт. 15 — 20 м болады, бұғақ шоғыры жайқалып тұрады. Ланцета тәрізді жапырағының ұшы түкті болып келеді. Сырға сияқты шоғырланған гүлдері сәуір — мамыр айларында гүлдеп, тұқым береді. Табиғи жағдайда тұқымымен және өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. А-ды кұм тоқтату, елді мекенді көгалдандыру үшін өсіреді. Қабығы тері илеу үшін, бояуыш зат ретінде пайдаланылады. Сүрегін жиһаз жасауға да пайдаланады. Жапырағы мен бұтағын мал сүйсініп жейді.