АҚСҮЙЕК

 АҚСҮЙЕК — қоғамдағы әлеуметтік топ. Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері А. саналған. А-тердің бұқарадан бөлек айрықша құқықтары мен артықшылықтары болған. Мемл. билік А-тер қолына берілген. 

Өркениет жемісін де солар пайдаланған. Қазақтар «текті», «бекзат», «бек» лауазымын иеленген кісілерді асыл А. деп құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Шыңғыс ханның ұрпақтары – хан, сұлтандар А. саналып келді. Олар төре аталып, халықтың ерекше ілтипатына бөленді. Патшалық Ресей өкіметі А-тердің ықпалын шектеді, ал Кеңестік дәуірде А. әулетінің өкілдері саяси қуғынға ұшырап, жапа шекті. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы А. ұғымы әлеуметтану ғылымындағы «аристократия», «элита» ұғымдарына жақын келеді.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *