АҚСАҚ — музыкалық ырғақ. Түріктің дәстүрлі муз. мәдениетінде қалыптасқан екі-үш бөлікті (2+3 немесе 3+2 түріндегі) ырғақты ұялардың әр қилы үндесе келуі. А-тың бірнеше үлгісі бар. Түрік муз-ның дамыған ырғақтық құрылысында жиі кездеседі және күрделі, аралас өлшемде де болады. Ол түріктің халықтық муз.негізіне алынатын поэтик. шығармалардың ұйқассыздығы, ерекше икемділігі, муз. екпінін ырғақтан ырғаққа ауыстыра қоюға бейім бапшылдығына байланысты. А-ты И. Стравинский өз шығармаларында көп қолданған. Еуропада, кейде, “бұлғар ырғағы” деген атпен де белгілі.