АҚСАРЫ — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Орта жүздегі керей (ашамайлы) тайпасынан тартылады. Шәкерім шежіресінде А.— тоқымбет, матақай, самай болып бөлінсе, Ө. Ахметовтің шежіре-кітабында А- дан алты ата — Тоқболат, Ақпамбет, Нұралы, Нұрымбет, Есенәлі, Есенбақты тарайды. Қостанай өңірін, Ақмола обл-ның Ақкөл, Макин (Бөрілі) аудандарын, Есіл өз-нің бойын мекендеген.