АҚСАРЫ

АҚСАРЫ (Buteo buteo) — сұңқар тәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Солт. Қазақстанда, Алтай мен Тянь- Шань тауларының орманды алқаптарын мекендейді. Мекиені қанатының ұз. 42 — 45 см, салм. 1 кг-нан асады. Қоразы оған қарағанда кішілеу келеді. Қанатының ұз. 33 — 38 см, салм. 1 кг-ға жетпейді. Дене түсі қара қоңыр, ұшы қаралау, қанаттарының астында ақшыл шұбар дақ болады. Басқа өзіне тектес жыртқыштардан айырмашылығы — құйрығы қысқа, сұр не қоңыр түсті көлденең жолақты келеді. Ұясын ағаш басына салады. Мекиені мен қоразы 3-5 теңбіл түсті жұмыртқаны 1 айдай кезектесіп басып, балапандарын 40 күнде ұядан ұшырады. А. — жыл құсы. Тамыз — қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Оңт. Азия, Африкада қыстайды. Наурыз — мамыр айларында қайта оралады. Ұсақ кеміргіштермен, құстармен, кесірткелермен, бақалармен, т.б. жәндіктермен қоректенеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *