АҚТАЙЛАҚ

АҚТАЙЛАҚ — Солт. Балқаш алабы, Қарағанды обл-ның Қарқаралы және Ақтоғай ауд- дары аумағындағы өзен. Ұз. 89 км, су жиналатын алабы 1370 км2. Қарқаралы ауд-ның Кешубай т-нан бастау алады. Құсақ өз-не жетпей, Қошкар а-ның маңында сарқылып қалады. Өзен бастауы Қазапғап (кісі есімі) болып, ал төменгі сағасы А. (белгілі қазақ биінін есімі) аталады. А-ка Сарықұрақ, Құрөзек салаларынан басқа, ұз. 10 км-ден аспайтын 26 жылға құяды. Өзен қар, жер асты суларымен толысады. Мал жайылымдарын суландыруға пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *