АҚЖАЙҚЫН — Оңтүстік Қазақстан обл. Созақ ауд-ның солт.-батысындағы тұйық көл. Созақ а-нан 100 км жерде орналасқан. Орташа аумағы 48,2 км2, тереңд. 3 м. Көл көлемі жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады. Жағалауы жазық. Суы сортаң. Көлден балық ауланады.