АҚБҰЛАҚ — Алматы обл- ның Қарасай ауд-ндағы ауыл. Аудан орталығы — Қаскелең қ-ның шығысында 18 км жерде Ақсай өз-нің жағалауында орналасқан. Ленин ауылдық әкім. округінің құрамына енеді. Тұрғыны 2,1 мың адам (1997). Ауыл Іле Алатауының солт. етегіндегі қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдеуде жатыр. А. арқылы Алматы — Бішкек автомоб. жолы өтеді. Тұрғындары ауд. орталығы — Қаскелеңге, т.б. елді мекендерге автомоб. жолы арқылы қатынайды.