АҚАУТАПҚЫ

АҚАУТАПҚЫ, дефект о с к о п — металдар мен металл емес бұйымдар ақауын оларды бүлдірмей анықтауға арналған құрал немесе қондырғы. Ол магниттік А., рентгендік А., ультрадыбыстық А., электр индуктивтік А., түтік- шелі А., т.б. болып ажыратылады. А. қол аспабы, лабораториялық аспап немесе тұрғылықты қондырғы түрінде жасалады. Ал кейбір А-лар едәуір жылдамдықпен қозғалып бара жатқан бұйымдардың ақауларын, (мыс., прокаттау процесіндегі құбырлардың) не өзі үлкен жылдамдықпен қозғалып бара жатып (мыс., рельстік А., т.б.) қозғалмай тұрған бұйымдардың ақауларын анықтай алады. Жоғары температураға дейін қыздырылған бұйымдарды бақылауға арналған А. да бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *