АКЦИЯНЫ БАҚЫЛАУ ПАКЕТІ

АКЦИЯНЫ БАҚЫЛАУ ПАКЕТІ — акционерлік қоғамның қызметін бақылауға мүмкіндік беретін акцияның мөлшері (теория жүзінде 50%-тен астам болуы қажет, іс жүзінде одан аз болуы да мүмкін). Қазақстанда алғашқы акционерлік қоғамдар, негізінен, 20.06. 91 ж. қабылданған “Шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар” Заңына сәйкес бұрынғы мемл. кәсіпорындарды А. қ-ға айналдыру арқылы жасалды. Барлық акцияның 10%-і сол кәсіпорынның ұжым мүшелеріне тегін таратылды. Қалған акциялар мемл. қолындағы А. б. п-не айналды. Акциялардың мемл. пакеті 51 проценттен асқан компания мемл. акционерлік компания болып табылады. Акциялардың мемл. пакеті 51%-ке жетпейтін компания, сондай-ақ акциялардың мемл. пакеті жоқ, бірақ “Алтын акциясы” бар компания мемл. қатысатын акционерлік компания деп саналады. 

Қазақстанда мемл. кәсіпорындар акцияларының белгілі бір бөлігі инвестициялық жекешелендіру қорларына сатылу арқылы халыққа берілді. 1991 жылдан бастап жеке- шелендірілетін кәсіпорындардың мемл. қарамағындағы акциялары құнды қағаздар рыногы арқылы сатылатын болады; қ. Акция рыногы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *