АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. А. қ-дар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. А. қ. ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық А. қ. болып саналады. Ал ашық А. қ. акциялары еркін сатылады және сатып алынады. А. қ. заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысын да қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады. А. қ-да басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган — басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган — тексеру комиссиясы сайланады. А. қ- ның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. ҚР-нда 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабыл- данғаннан кейін А. қ-дар құрыла бастады. 1998 ж. олардың саны 3 мыңнан асты.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *