АКВАРИУМ

АКВАРИУМ (лат. aquarium — суқойма) — су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океа- нариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр түрлі болып келеді. А- дер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен А-ге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. А-де ғыл.-зерт. жұмыстары да жүргізіледі. Мыс., гамбузия балығын жерсіндіру А-де зерттелді, соның нәтижесінде Оңт. Қазақстанның кейбір ауд-дарында гамбузия өсірілетін болды. А-де балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде А-ның ла- бораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда А-ді экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғыл. тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ А-де биол. тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *