АКВАМАРИН

АКВАМАРИН, зәберзат — (лат. Agua marina — теңіз суы)— силикаттар класына жататын минерал, бериллдің зергерлік өнерде қолданылатын асыл түрі. Түсі құрамындағы темір қоспасына байланысты болады. А-нің кристалдары көгілдір, көгілдір жасыл, жасыл көк, сұрғылт көгілдір болып келеді. А. гранит, гнейс, грейзен, кристалдық тақтатастар мен кварц желілерінде кездеседі. Ірі кристалдарды сирек түзейді. Салм. 110,5 кг кг, ұз. 49,5 см ең ірі кристалы Бразилияда өндірілген. А- ге кристалл түрліше құбылатын дихроиттік қасиет тән.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *