АКАРИЦИДТЕР

АКАРИЦИДТЕР (грек. аkari — кене және лат. саedo — өлтіру) — кене жойғыш дәрілер. Олар, негізінен, астық, көкөніс, жеміс-жидек, мақта, т.б. дақылдарға түскен кенелерді жою үшін қолданылады. Сонымен қатар А. мал ш-на көп зиян келтіретін және жұқпалы ауруларды тасымалдайтын экзопаразит кенелерді құрту үшін де пайдаланылады. А-дің түрін таңдау, қолдану тәсілі мен мерзімін белгілеу олардың уытына және кенелердің түрлеріне байланысты. Кейбір кенелердің көбею кезеңдері өте жиі болғандықтан, олардың А-ге төзімді басқа түрлері жылдам пайда болады. Осыған байланысты кенелерді құрту үшін А-дің жаңа түрлері, қоспалары, кенелерді улау механизмі өзгешелері қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *