АЙҚЫНДЫЛЫҚ — кез келген мәселеде анықтықты, дәлдікті, ашықтықты білдіретін ұғым. А-тың кері мағынасы — құпия. Бүкіл болмыстың білуге мүмкін болатын заңдылықтары осы екі ұғымның арасынан ізделеді. А. болмыстың сезім арқылы адамның оңай қабылдайтын жағы, болмыстың қарапайым бөлігі, ал оның аса күрделі нәзік бөліктері құпия жағына жатады. Өзінің рухани жетілу дәрежесіне байланысты адамға болмыстың осы екі жағы әр түрлі дәрежеде ашылады.