АЙЛАКЕРЛІК — адамның қимыл-әрекеттеріндегі, мінез-құлқындағы амал-айлалары мен әдіс-төсілдері. А. адамның ақыл-ойымен, мінезіндегі ерекшеліктерімен төркіндес. Ол кісінің өмір тәжірибесінен, білімі мен дүниетанымдық деңгейіне қарай өрістейді. А. адамның өмір тіршілігіне пайдалы ықпал етіп, оның тәжірибесі мен іскерлігін дамытуға әсер ететін болса, ұнамды қасиет деп бағаланады. Мұндай қасиет, әсіресе, соғыста өте пайдалы саналған. А. алдау, арбау сияқты тәсілдермен ұштасып, қулық-сұмдық, зұ— лымдық әрекеттерді де білдіреді. Ал мінездің жағымсыз ерекшеліктерінің өрістеуіне әсерін тигізетін А-тің мұндай түрі мен тәсілі қоғамға зиянды саналады.