АЙЛАНШӨП (Polygonum persicariа) — таран тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның Каспий бойы ойпаты, Балқаш — Алакөл ойысы, Түркістан, Жоңғар, Іле Алатауы, Қаратау өңірлеріндегі өзен бойында, арық, тоған жа- ғалауларында өседі. Биікт. 20 — 80 см, сабағы тік болады. Қандауыр пішіндес жапырағы сабаққа кезек орналасады. Сағағы қысқа келеді. Қызғылт, ақ түсті гүлі шашақтанған гүл шоғына топтасқан. Маусым — қыркүйекте гүлдейді. А. құрамында пектин заты, эфир майы, балауыз, С витамині, кремний қышқылы, т.б. пайдалы заттар болады. Оны сиырдан басқа малдың бәрі жейді. А. медицинада дәрілік шөп ретінде қолданылады.