АЙМАҚТЫҚ ГИДРОГЕОЛОГИЯ — гидрогеологияның бір саласы, ірі көлемді жер аймағын, геологиялық құрылымдардың гидрогеологиялық жағдайын, жер асты суларының таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол жалпы аймақтың не жеке аудандардың гидрогеол. түсірімдерінің нәтижелеріне, гидрогеол. карталар мен қималарға негізделеді. А. г. жер қыртыстарының ішкі қабаттарындағы судың пайда болу, таралу, өзгеру тарихын, оның мөлшері мен сипатын, әр текті тау жыныстарымен байланысын, шаруашылыққа пайдалану жолдарын анықтайды. А. г. жаңадан жасалатын карталар мен зерттеулердің сапасын, гидрогеол. іздеулер мен барлау нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда А. г. саласындағы ғыл.-зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдарынан бастал- ды. Ол кен игеру, елді мекендер салу, өндіріс, жол құрылыстарын жүргізу, тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты дамыды. Соның негізінде табиғи және антро— погендік гидрогеол. процестердің өзге табиғи құбылыстармен байланыстары анықталып, республика жері жеке аймақтарға бөлінді. Қазақстан гидрогеологтарының (У.М. Ах- медсафин, Ж. Сыдыков, Ә.К. Жәкелов, С. Мүұхамеджанов, В.Ф. Шлыгина, т.б.) көп жыл бойы жүргізген зерттеулері нәтижесінде республикадағы артезиан және грунт сулары, жылы, ыстық және шипалы су көздері, жер асты суларының табиғи қорлары туралы рес— публика және шетел баспаларынан 80-нен астам көлемді ғыл. еңбектер, іргелі қорытын- дылар жарық көрді, респ. көлемін түгел қамтитын 20 аймақтық карта басылып шықты. Қазақстанның көлемді аумақтарының (батыс, солт., оңт., орт. және шығыс бөліктерінің) гидрогеол. жағдайларын негіздеуге арналған көптомдық гидрогеол. басылымның 5-томы жарияланды. А.г. саласын зерттеумен ҚР ҒМҒА-ның Гидрогеология және гидрофизика институты, ҚР Экологая және табиғи ресурстар министрлігі айналысады; қ. Гидрогеология.