АЗОТ ОКСИДТЕРІ

АЗОТ ОКСИДТЕРІ — азоттың оттекпен қосылыстары. Азот тотығы (моноок- сид), N0 — түссіз газ; қайнау t -151,8°С, балқу t—163,6°С; қосып алу, тотығу реакция- ларына бейім. Азоттың шала тотығы (гемиоксид), N20 — түссіз газ; қайнау t -89,5°С, балқу t-102,4°С. Сумен, қышқылмен, сілті ерітінділерімен әрекеттеспейді, тотықпайды. Медицинада наркоз (“шаттандырғыш газ”) ретіңде пайдаланады. Азоттың қос тотығы (диоксид), NO2 — қоңыр түсті газ, қайнау е 21,15°С, балқу t —11,2°С. Ол азот қышқылын өндіру үшін және сұйық ракета отыны мен қопарылғыш заттардың то- тықтырғышы ретінде пайдаланылады. Азотты ангидр и д, N205, — қоңыр қызғылт түсті газ, қайнау t -13,5; балқу t -102°С; сумен азотты қышқыл (НN02), сілтілермен нитриттер түзеді. А з о т а н а н г и д р и д і, N205 — түссіз кристалл, сумен қосылып азот қышқылын (НNО3.) түзеді. Жалпы, А. о. — физиологиялық актив заттар. Сондықтан организм үшін зиянды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *