АЗОТТЫҚ ТЕПЕ-ТЕНДІК

АЗОТТЫҚ ТЕПЕ-ТЕНДІК — организм қабылдаған азот пен оның организмнен шығу мөлшері арасындағы сәйкестік. Мұндай сәйкестік адам мен жануарлардың қалыпты тіршілігі үшін қажет. Мыс., ересек адам организм тәулігіне 13 — 16 г азот, яғни 100 г белок қабылдауы керек. Ол әр түрлі тағамдардың негізінде түзіледі. Аталған мөлшер ұзақ уақыт жетіспесе, адам арықтап, әлсірейді, салмағы кемиді, яғни А. т.-т. бұзылады. Өсіп келе жатқан адам организмі үшін тамақтанудан алынатын азот организмнен шығатын қалдық заттардағы азоттан артық болуы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *