АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ — соғысқа, ядролық қаруға қарсы тұру, отаршылдық қанауды жою, артта қалған елдердің тез жетілуіне көмектесу, бейбіт катар өмір сүру принциптеріне сүйенген халықаралық қатынастар орнатуды көздеген халықаралық ұйым. Екі құрлықтағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан Каир конференциясында (12.1958) құрылды. Үкімет емес ұйым ретінде БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Алжир, Вьетнам, Ангола, Мозамбик, Гвинея-Бисау, т.б. елдердегі ұлт-азаттық көтерілістерді қолдауда ұйым елеулі жұмыстар атқарды. 1961 ж. сәуірде Қазақ Комитеті құрылып, алғашқы төрағасы болып М. Әуезов сайланды. 1955 — 87 ж. бірнеше форумдар өткізді, Баспа органы ағылшын, француз, араб, орыс, т.б. тілдерде шығып тұрған “Азия — Африка халықтары” журналы болды. А.А.х.ы.ұ. 80-жылдардың соңы — 90-жылдардың басында өз жұмысын біртіндеп тоқтатты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *