АЗЕОТРОП ҚОСПАЛАР

АЗЕОТРОП ҚОСПАЛАР (грек. azeb — қайнамау және troре — бұрылу, өзгеру) — құрамы және қайнау температурасы өзгермей айдалатын, яғни, қайнатқанда молекула- ларға, тұрақты химиялық қосылыстарға бөлінбей, бастапқы құрамында буға айналатын ерітінділер. Алғаш рет 1810 ж. ағылшын ғалымы Дж. Дальтон осындай қасиетті 68%-тік азот қышқылының сулы ертіндісінен байқаған. А. қ-дың кейбіреуі жеке құраушылардың қайнау темп-раларынан жоғары темп-рада қайнаса, кейбіреулері төмендеу темп-рада қайнайды. А. қ. түзілуіне байланысты кейбір заттарды (мыс., абсолютті спирт, таза азот қышқылы) олардың сулы ерітіндісін айдау арқылы алу мүмкін емес. Бұл жағдайда айдау алғашқы екеуінің салыстырмалы ұшқыштығын өзгертетін үшінші құраушыны қосу арқылы жүргізіледі. Өнеркәсіптік маңызы бар сұйық қоспалардың жартысына жуығын А. қ. түзейді. Мұндай қоспаларды жеке құраушыларға жіктеу қажеттігіне байланысты А. қ- ды зерттеудің үлкен тәжірибелік маңызы бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *