АЗАМАТТЫҚ АЙНАЛЫМ

АЗАМАТТЫҚ АЙНАЛЫМ – міндеттемелік құқықтың келісімшарттық және келісімшарттық емес институттарымен қамтамасыз етілетін экономикалық айналымның азаматтық-құқықтық сипаты. Әр қилы мүліктік құқықтық қарым-қатынасқа түсе алатын және өзінің табысына билік жүргізе алатын заңды тұлғалар мен азаматтар А. а-ның қатысушылары болып табылады. Кейбір реттерде ҚР, оның әкімшілік-территориялық бө- ліністері де А. а-ға қатысады. А. а-ның қатысушыларымен жасалынған мәмілелер немесе басқа да заңды деректердің негізінде мүліктің бір тұлғадан екіншісіне өтуі А. а-ның маз- мұнын құрайды. Мемл. пен әкімш.-территориялық бөліністер азаматтық зандармен реттелетін қарым-қатынастарға өзгелермен тең негізде қатыса алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *