АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ (ағылш., ІСАО) — азаматтық авиацияның дамуына жан-жақты ықпал жасау, қауіпсіздік шарттарын қамта- масыз ету, халықаралық әуе қатынасының әдістері мен принциптерін дайындау мақсатында БҰҰ-ның ықпалымен құрылған (1995), әлемнің 183 елін біріктіретін мемлекетаралық ұйым. А. а. х. ұ-ның негізгі қызметі халықар. конвенция жобаларын, әуе кұқына қатысты басқа да құжаттарды дайындау және әуе навигациясы қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау проблемаларына қажетті ұсыныс пен стандартты дайындап бекітуді қамтамасыз етеді. Халықар. азаматтық авиация жөніндегі конвенцияны мақұлдау нәтижесінде 1992 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан А. а. х. ұ-на мүше болды. Әлемдік әуе көлігі қызметімен интеграциялану мақсатында, сондай-ақ азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне қатысты нормалар мен ережелерді сақтау үшін Қазақстан 1994 ж. А. а. х. ұ-ның хаттамасы мен 4 конвенциясына қосылды. 1995 жылдың қазан айында Қазақстан бірінші рет А. а. х. ұ-ның кезекті 31-Ассамблеясының Монреальда өткен жұмысына қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *