Климаты. Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°-30° оңт. ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағалауының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан А-ның барлық аймағында темп-ра жоғары және тұрақгы (20 -28°С- ға дейін), тек қыс айларында (шілде — тамызда 12 -20°С) темп-ра төмендейді. Қаңтардың орташа темп-расы 40°С болатын аудан құрлықтың солт.-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1°С). Тұрақты аяз тек оңт.-шығ-тағы А. Альпісінде (—22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының құрғақ болуына әсерін тигізеді. А. жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлш. 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлш. 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.