АҒА РЕЗА

АҒА РЕЗА (16 ғ-дың 2-жартысы мен 17 ғ-дың басы анық 1616 ж. кейін) – парсы миниатюрашысы. Ирандағы Қашан қ.шыққан Әли Асғар Мавлянның ұлы.Алғашында- М ж. Исфаһанда Аббас І шаһтың сарайында тұрған. Сурет салудың график.үлгісін миниатюрада қолданды. А.Р., әсіресе, портрет жасау өнерінде шеберлік танытты. Оның шығармаларын Дублиндегі (Ирландия) Честер Бити кітапханасынан («Шаһнамеге» жасаған иллюстрация, қолы қойылмаған), Париждегі Ұлттық кітапханадан (12 миниатюрасы бар, біреуіне қолы қойылған) және жеке коллекциялардан кездестіруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *