АҒАШ АТ

АҒАШ АТ — Қазақстанның оңт.-батыс өңірлерінде, қарақалпақтарда қайтыс болған кісіні салып көтеретін табыт. Ғалымдар мұны ежелгі көшпенділердің — сақ, ғұн, түркі, қыпшақ, т.б. тайпалардың қайтыс болған адам о дүниеге ат мініп барады деген нанымға байланысты атымен жерлеу ғұрпының өзгерген түрі деп пайымдайды. Қазақтың: “Сөй— леп кал тіршілікте, қызыл тілім, жаны жоқ ағаш атқа мінбей тұрып” — деген мәтелі осы салттан шыққан. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *