“АДЖАИБ әл-МАКДУР ФИ НӘУАИБ АХБАР ТИМУР”(“Темір тигізген зардаптарды болжау ғажайыптары”) — тарихи шығарма. 1436 — 37 ж. жазылған. Авторы — Әмір Темірдің жанындағы дамаскілік шежіреші Ахмед ибн Арабшаһ (1450 ж.ө.). Еңбекте Орта Азия мен оған көршілес Шығыс елдерінде өткен оқиғалар (14 ғ-дың соңы мен 15 ғ-дың басы) баяндалады. Шығармаға автордың Самарқанға келген сапарында (1401 — 08) замандастарынан естіген, Әмір Темір шапқыншылығына ұшыраған елдерге саяхаты кезінде (1408 — 22) өзі жинаған геогр. мәліметтер енгізілген. Оның ішінде Дешті Қыпшақ пен оның астанасы — Сарай қ., Алтын Орда мемл., Шағатай әулеті кеңінен қолданған ұйғыр жазуы туралы деректер, әдебиет пен өнер адамдарына, ел билеуші ақсүйектерге берген сипаттамалар, т.б. қызықты мәліметтер бар.