АДЖАИБ әл-БҰЛДАН

 “ АДЖАИБ әл-БҰЛДАН ” (“Елдер ғажайыптары’’) — араб тарихшысы, географ Зәкәрия әл-Қазуинидің (13 ғ.) шығармасы. Алғаш 1263 ж., кейін 1275 ж. “Асар әл-билад уә ахбар әл- ибад” (“ Қалалар ескерткіштері және Алланың құлдары туралы мағлұматтар”) деген атпен қосымшалармен толықтырылып 2-рет жазылды. Автор шығармасында 50-ге жуық орта ғасыр тарихшыларының, солардың ішінде Әбу Абдаллаһ Мұхаммед әл-ЖайханиӘбу Осман Әмір әл-ЖаһизӘбу-л- Хасан Әли әл-МасудиӘбу Райхан әл-БируниӘбу Дулаф, Ахмед ибн Фадлан еңбектеріне сүйенеді. “А. әл-Б-да” жер беті жеті бөлікке бөлінеді, олардың әрқайсысында орналасқан қалалар, таулар мен өзен-көлдер6, теңіздер мен аралдарға геогр. сипаттама береді. Шығарма 9-11 ғ-да қазіргі Қазақстан жерін ме- кендеген оғыз, қыпшақ, қимақ, қарлұқ, т.б. түркі тайпаларының орналасуы, кәсібі, мәдениеті, діні жөнінен мағлұматтар беретін құнды дерек болып табылады. Жер шары- ның картасы беріліп, ондағы түркі тайпаларының орналасуы көрсетілген. “А. әл-Б-ды” 1848 ж. неміс арабтанушысы Ф. Вюстенфельд бастырып шығарды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *