АДАПТЕР (лат. аdарtо — икемге келтіремін) — 1) компьютер мүмкіндіктерін артты- руға пайдаланылатын электрондық тетік (плата); 2) фотоаппарат құрылымында пайдаланылуы қарастырылмаған пішімі (форматы) мен типі басқа жарық сезгіш материал- дарды қолдануға мүмкіндік беретін қосымша кассета; 3) стандартты емес бекітпесі бар алмалы-салмалы объективтерді фотоаппараттарға орнатуға арналған құрылғы; 4) дыбыс алғыш құрылғылардың жалпылама атауы.