АДАМ ҚҰҚЫЛАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ

АДАМ ҚҰҚЫЛАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ — жеке адамның дүние жүзі қоғамдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқылары мен бостандыктары. Адамның белгілі бір игіліктерді иеленуін қам- тамасыз ететін, өз қалауынша іс істеуіне мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақаты— насының принциптері А. қ. мен б-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге өте ерте кезден назар аударылған. Мыс., Аристотель адам құқыларын “табиғи” және “шартты құқылар” деп екіге бөледі. Адам құқыларын мемлекет орнатқан шартты құқылардан жоғары қояды. Бірақ адамзат қоғамы дамуының одан кейінгі дәуірінде, яки орта ғ-да А. қ. мен б. мүлде басқаша, яғни билеуші топтың жасаған рақымы, шапағат-ырқы түрінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың өркендеп, даму сатысында дүниеге келген либерализм өкілдері — Т. ГоббсДжЛокк, Ш.-Л. Монтескье, Ж.-Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т.б. ойшылдар А. қ. мен б-ның басты қағидаларын айқындап берді. Олардың ең құндылары: барлық адамның еркін де бақытты, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқы барлығы, өкімет билігінің қайнар көзі — халық екендігі, барлық мемл. билік халық мүддесіне жұмыс істеуге тиістілігі, өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, соттық биліктерге тармақталуға тиістілігі. Кейін бұл қағидалар АҚШ- тың Тәуелсіздік декларациясына (1776 ж., 4 шілде) арнайы бап болып еніп, одан әрі АҚШ Конституциясы мен Құқықтар туралы биллінде дамытылды. Орындалу, іске асырылу ор- тасына қарай А. қ. мен б. азаматтық, саяси, экон., әлеум. және мәдени құқықтар мен бостандықтар болып бөлінеді. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдамалары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. А.қ. мен б. ҚР Конституциясында: “1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқылары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. адам құқылары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” (12-бап) деп көрсетілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *